
2026 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау және олардың уылдырық шашуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында жылсайынғы «Бекіре» кең ауқымды балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
Акция басталғалы бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, қоршаған ортаны қорғау органдарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 669 фактісін анықтап, жолын кесті, нәтижесінде 485 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстау фактілері бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 14,7 млн теңге айыппұл салынды.
Заңсыз айналымнан барлығы 6 тонна 416,6 кг балық, оның ішінде 357 кг бекіре тұқымдас балық түрлері және 3 кг 274 гр бекіре тұқымдас балығының уылдырығы, 79 бірлік балық аулау құралдары және 63 бірлік су көлігі тәркіленді.
Күн сайын өзен арналары мен теңіз суларын сүзу жұмыстары нәтижесінде су айдындарынан 679 дана заңсыз балық аулау ау құралдары шығарылды.
Іс-шараны жариялау мақсатында интернет және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында 279 мақала, 21 телесұхбат және 2 радиода жарияланды.
Акция 31 мамыр 2026 жылға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/press/news/details/1213679?lang=kk

Жауап қалдыру