“Інім үйленді”: Шымкентте көше қиылысында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкентте 34 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жолда қауіпті әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші қала көшелерінің қиылысында әдейі дрифт ұйымдастырып, күрт маневрлар жасап, қарсы жолаққа шығып, жол қозғалысы ережелерін елемеген.

Құқық бұзушының айтуынша, ол бұл әрекетін інісінің үйлену тойын атап өту мақсатында жасаған. Мұндай «мерекелеу» жол үстінде өзге қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген. Оның әрекеттері жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін жағдайларды туындатқан.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде тәртіп бұзушы ұсталып, әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескертеді: мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейді. Азаматтарға қауіп төндіретін кез келген заң бұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1213657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді