
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің орынбасары А.Жүнісовтың, дербес бөлімдер басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті, оның барысында бюджет бойынша шешімдерге өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер талқыланды.
Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін аудандық мәслихаттың 46-шы кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-43/2 «2026-2028 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ. Даулыбаева баяндама жасады.
Сондай-ақ, күн тәртібіндегі басқа да мәселелер қаралды.
Сессияның барлық қаралған мәселелері бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-esil/press/news/details/1213715?lang=kk

Жауап қалдыру