КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

2025 жылы білім басқармасы колледждер мен өңірлік жоғары оқу орындарына талапкерлерді сапалы іріктеу мақсатында кәсіптік бағдарлау циклограммасын әзірледі, оның шеңберінде өңірдің оқушылары мен жастары арасында кешенді іс-шаралар өткізіледі:

– облыстың құзыреттілік орталықтары мен жетекші колледждерінің базасында «My Pro» мамандықтар фестивалі ұйымдастырылуда. Бұл фестивальге Өскемен қаласынан 3000 -ға жуық оқушы қамтылмақ;

-«СтартПрофи-Shygys» стенд-моб мобильдік тобы өңірдің колледжі мен жоғары оқу орнының өкілдерінен құралып, жыл сайын 5 бағыт бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен аудан мектептерінің  5000-нан астам оқушылары мен NEET санатындағы жастарды қамту жоспарланған.

– Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында 9-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс лагері жұмыс істейді.

Сондай-ақ 8-11 сынып оқушылары мен NEET жастарына арналған 91 кәсіптік дайындық курсын қамтитын «Жолсілтеме» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан кәсіптік білім беру орталығының сайтында www.ctipo.kz «Талапкерге» қойындысында оқушылар онлайн режимінде кәсіптің белгілі бір түрлеріне бейімділігін анықтауға арналған кәсіби диагностикалық тест тапсыра алады. Тест қорытындысы бойынша мамандық пен оқу орны таңдалады, кейін колледждер базасында бейін алдындағы даярлық курстарына жазылады.

Оқушылармен, студенттермен және ересек тұрғындармен сапалы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл сайын колледждердің кәсіби бағдар берушілері арасында «Үздік кәсіби бағдар беруші» облыстық байқауы өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1213733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді