Қарақия ауданында есеп беру жиыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданы Бостан ауылында 2026 жылдың алғашқы 3 айында атқарылған жұмыстар бойынша ауыл тұрғындары алдында есеп беру жиыны өтті.

Іс-шараға Қарақия ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Аманжол Ерлан Жанабергенұлы, бөлім бастығының орынбасары, полиция майоры Батыров Төлеуберді Қобыланұлы, ауыл әкімі және ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мектептерде оқушылар мен жастарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жиі өткізу, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстарды жандандыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағыттары көтерілді.

Сонымен қатар, «Алкогольсіз ауыл» жобасын іске асыру мәселесі кеңінен талқыланып, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар тарапынан қолдау тапты.

Жиын барысында тұрғындардың сұрақтарына бөлім басшылығы нақты жауап беріп, әрбір мәселе бақылауға алынатыны жеткізілді. Сондай-ақ алдағы уақытта полиция мен жергілікті тұрғындар арасындағы өзара байланыс пен сенімді нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасатыны атап өтілді.

https://www.instagram.com/reel/DXzWN6jNBz2/?igsh=ODhxMXZxdGswZXY5

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1213732?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді