Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

                                                                                                      

                                                                                    

                                                                                             

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

 2023 жылғы 27 желтоқсандағы

«Учаскелік сайлау комиссияларының

 мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

        

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

  1. Созақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №82 шешіміне өзгерістер енгізіліп, ұсынылып отырған құрамы қосымшаға сәйкес сайлансын. (қосымша жалғасады).
  2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.

        

 

         Аудандық мәслихат төрағасы                                          О.Жәмиев

 

 

 

 

 

 

 Созақ аудандық мәслихатының                                                                                       2026 жылғы 29 сәуірдегі

№258 шешіміне қосымша

        

Созақ аудандық мәслихатының

2023 жылғы 27 желтоқсандағы

№82 шешіміне қосымша

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы:

 

№690 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Қожанов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Рахимбеков Шубай Рахимбекович А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі, «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілі.

 

№691 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-2 көшесі №72, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

  1. Жаксыбеков Жандос Куандыкович– Созақ ауданы білім бөлімінің әдіскері, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі;
  2. Сарсенбаева Ғазиза Есенбайқызы – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Нұрлы әлем» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

 

№693 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Абылай хан көшесі  №3, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Удербаева Акнур Ердебаевна– А.Байтұрсынов  атындағы жалпы орта мектеп директорының орынбасары, «Ақ жол» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі.

 

№694 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі  №5, Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

 Бабажанова Акерке Каримбековна- Армантай бала бақшасының меңгерушісі, «Желтоқсан ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

 

№697 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Бабата ауылы, А.Сайлаубеков  көшесі  №5/4, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

              Жумашова Гулдархан Асиловна – Бабата медициналық бекетінің фельдшері, «Нұрлы әлем» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

 

№704 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, С.Матенбаев көшесі №31А, Созақ ауданының білім бөлімінің «Созақ» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Қойшыбаев Фарух Атамбайұлы – Созақ мектеп гимназиясының мұғалімі, «Ауыл» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі.

 

№705 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылдық округі, Созақ ауылы, Қ.Тоқмұхамедов көшесі №3А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Науайы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Гайпова Шахиде Бейсенбиевна- Науайы атындағы жалпы білім беретін мектебінің ұйымдастырушы педагогы, «Созақ жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

 

№721 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қыземшек кенті, Тайқоңыр ауылы, Тұлпар көшесі  №41, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Т.Момбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

            Биділда Олжас Берікбайұлы– «Т.Момбеков» атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі, «Amanat» партиясы Созақ аудандық филиалының өкілі.

 

№892 сайлау учаскесі бойынша

 

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылдық округі, Шолаққорған ауылы, С.Тоқпанбетов көшесі №1А, Түркістан облысының білім басқармасының Созақ ауданының білім бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

 Сапар Лаура Алтыбайқызы- Шолаққорған-су өткізу сату бөлімінің басшысы,   «Бақ-Нұры» қоғамдық бірлестігінің өкілі.

 

Файл

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak-maslihat/press/news/details/1213777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді