Балалардың қауіпсіздігі – Павлодар облысы ювеналды полициясының басты басымдығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу полицияның ерекше бақылауында. Павлодар облысы ювеналды полициясының қызметкерлері жүйелі түрде ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізіп келеді.

Жүйелі жұмыстың нәтижесінде биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 23%-ға төмендеді.

Алайда әкімшілік құқық бұзушылықтар статистикасы ата-аналық бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді: күн сайын тәртіп сақшылары түнгі уақытта көшелерде және ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді, сондай-ақ оларға алкоголь және темекі өнімдерін сатудың жолын кеседі.

Ведомствоның мәліметінше, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 300 ата-ана жауапкершілікке тартылған, 576 заңды өкіл балалардың түнгі уақытта еріп жүрмей, тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін жазаланған, ал 24 ойын-сауық мекемесінің иелері жасөспірімдерді ата-анасыз түнде кіргізгені үшін жауапқа тартылған.

Қазіргі уақытта полицияның ерекше есебінде 223 қолайсыз отбасы мен 69 кәмелетке толмаған бала тұр. Өкінішке қарай, ата-аналардың өз міндеттерін өрескел орындамаған жағдайларда қатаң шаралар қабылданады: соттар ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы 68 өтінішті қанағаттандырды. Сонымен қатар, алты жасөспірім мінез-құлқын түзету үшін арнайы білім беру ұйымдарына жіберілді.

– Ересектер тарапынан бақылаудың болмауы — құқық бұзушылыққа апаратын тікелей жол, мұндай жағдайда бала қылмыстың қатысушысы да, құрбаны да болуы мүмкін. Алда жаз мезгілі келе жатыр, осыған байланысты ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауды күшейтуге шақырамыз. Естеріңізде болсын: олардың қауіпсіздігі — сіздердің тікелей жауапкершіліктеріңіз, – деп қорытындылады Павлодар облысы ПД.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1213754?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді