
Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Баниямин Файзулин Талдықорған жоғары медициналық колледжінде сайлаушылармен кездесу өткізді.
Жиын барысында тұрғындар көкейкесті мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын білдірді. Депутат әрбір сұраққа мұқият көңіл бөліп, бірқатарына сол жерде шешу жолдарын ұсынып, ал жүйелі қарауды қажет ететін мәселелер бойынша тиісті орындарға депутаттық сауал жолданатынын жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, ортақ мәселелерді бірлесе шешуге бағытталған маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1213898?lang=kk

Жауап қалдыру