«Бейбіт өмір бояулары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасы 1 мамыр – Халықаралық бірлік күніне орай аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осы атаулы күнге байланысты орталық алаңда «Бейбіт өмір бояулары» тақырыбында ашық аспан астындағы сурет салу шығармашылық шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында достық, татулық пен бірлік құндылықтарын дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бейбіт өмірдің маңыздылығын өнер арқылы жеткізу болды. Шараға мектеп оқушылары, жас суретшілер, сондай-ақ өнерге қызығушылық танытқан тұрғындар белсенді қатысты.

Ашық аспан астында өткен бұл ерекше сурет салу алаңы қатысушыларға еркін тақырыпта өз қиялдарын қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік берді. Балалар мен жастар өз туындыларында бейбіт өмірді, достық пен ынтымақты, туған жерге деген сүйіспеншілікті түрлі бояулар арқылы бейнеледі. Әрбір суреттен автордың ішкі сезімі мен ойы анық көрініс тауып, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, шығармашылық атмосфераның қалыптасуына үлес қосты. Сонымен қатар, көрме ұйымдастырылып, салынған суреттер көпшілік назарына ұсынылды. Бұл көрме тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырып, мерекелік көңіл-күйді одан әрі арттыра түсті.

«Бейбіт өмір бояулары» атты шығармашылық шара – бірлік пен татулықтың символына айналған жарқын мерекенің мазмұнын тереңдете түскен тағылымды іс-шара болды. Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілік пен ортақ құндылықтарға деген құрмет арта түсетіні сөзсіз.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1213875?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді