ЕЛ ҚОРҒАУҒА ДАЙЫН ЖАС ҰРПАҚ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Ауданда жас буынның әскери дайындығын нығайтуға бағытталған тағылымды іс-шара өз мәресіне жетті. Спутник лагерінде 10-сынып оқушыларының оқу-дала жиындарының қорытынды кезеңі ұйымдастырылды.
 
↪️ Салтанатты шараға аудан әкімінің аппарат басшысы Амалбек Өміртай, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, сондай-ақ аудан мектептерінің алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәні мұғалімдері мен жас сарбаздар қатысты.
 
↪️ Жиын барысында қатысушылар мұндай оқу-жаттығулардың жасөспірімдердің тәртіпке бағынуын қалыптастырып, ел алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.
Шара соңында жас сарбаздар саптық дайындықтарын көрсетіп, өздерінің алған білімдері мен машықтарын іс жүзінде дәлелдеді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1213873?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді