БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ – БОЛАШАҒЫМЫЗ ЖАРҚЫН

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Құрметті аудан тұрғындары мен қадірлі қонақтар!
 
🇰🇿 Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!.
 
⚜️ Бұл – татулық пен тұрақтылықты ту еткен, өзара құрмет пен сенімге негізделген ерекше мереке. Ынтымағы жарасқан елдің іргесі әрдайым берік, болашағы да нұрлы болмақ.
 
✅ Халқымыз «Ынтымақ бар жерде ырыс бар» деп бекер айтпаған. Төлеби бабамыздың «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген даналық сөзі де бүгінгі қоғам үшін маңызын жойған жоқ. Бүгінде ауданымызда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл – бірлігіміздің айқын көрінісі.
 
🇰🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елдің тұрақты дамуы – ең алдымен бірлік пен өзара сенімге байланысты. Сондықтан осы құндылықтарды сақтау және нығайту – баршамызға ортақ міндет.
 
⚜️ Осынау мерекеде әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен ырыс тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз баянды болсын!
 
Ізгі тілекпен,
аудан әкімі
Еркеғали Әлімқұлов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1213908?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді