
Департамент пен «Alikhan Bokeikhanov» университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында, ҚР ТЖМ Анықтау басқармасының үйлестіруімен өрттерге байланысты қылмыстық істерді тергеу және өрт профилактикасы мәселелері бойынша мамандандырылған оқу-тәжірибелік кешен ашылды.
Кешеннің ашылуы азаматтық қорғау саласында білікті мамандарды даярлау үшін маңызды мәнге ие. Оқу алаңы студенттер мен қызметкерлерге оқиға орнын қарау, өрт ошағы мен тұтану себептерін анықтау, дәлелдемелер базасын жинау дағдыларын іс жүзінде пысықтауға, сондай-ақ өрттердің алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған профилактикалық қызметті жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-abay/press/news/details/1213944?lang=kk

Жауап қалдыру