
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Цифрлық құқықтың өзекті мәселелері: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Оразхан қатысты.
Конференцияның мақсаты-құқық қолдану бойынша цифрландыру тәжірибесін талқылау, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ цифрлық құқық саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдау.
Цифрлық технологияларды құқықтық салаға жедел енгізу жағдайында заң қағидаттары мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/975272?lang=kk

Жауап қалдыру