АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ОРАМІШІЛІК ГАЗ ЖЕЛІЛЕРІН ЖҮРГІЗУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АУДАН ӘКІМІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ОРАМІШІЛІК ГАЗ ЖЕЛІЛЕРІН ЖҮРГІЗУ

ЖҰМЫСТАРЫН КӨРДІ Биыл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен республикалық бюджеттен жалпы көлемі 680 млн теңге қаржы бөлініп, Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарына орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстары басталған болатын. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов елді мекендердегі орамішілік газ желілерін жүргізу жұмыстарының сапасын бақылап, мердігер мекемелердің жауапты өкілдерімен кездесті. Алдағы уақытта аталған 4 ауыл толықтай көгілдір отынға қосылғаннан кейін 1300-ге жуық тұрғын үй мен 25 әлеуметтік нысан табиғи газбен қамтылып, 7000-нан астам тұрғын көгілдір отын игілігін көрмек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандар да табиғи газға қосылатын болады. Кездесу барысында аудан әкімі Президентіміздің, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқан бір мезетте 4 ауылға газ жүргізу жұмыстары бұл ауқымды жобалардың бірі екендігін айтып, мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде аяқталуы басты талап екенін ескертті. Газ желілерін жүргізу жұмыстарына жергілікті тұрғындарды тартып, оларды жұмыспен қамту мәселесіне де баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Ауыл әкімдеріне мердігерлермен бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырып, елді мекендердегі санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстарына да ерекше мән беруді тапсырды. Ауылдардың санитарлық тазалығы бойынша анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Айта кетейік, Бекарыстан би, Майдакөл және Ү.Түктібаев ауылдарын көгілдір отынмен қамту жұмыстарымен мердігер мекеме – «AsiaStroy KZ» ЖШС, ал Жанқожа батыр ауылындағы жұмыстармен – «Сырэнергогазстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда. Аталған 4 ауыл толықтай көгілдір отынға қосылғаннан кейін аудан бойынша тұрғындарды газбен қамту көрсеткіші 83 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-muratbayev/press/news/details/1214291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді