Астанада әртүрлі өңірлерден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордадағы Keryen Joly сауда орталығы аумағында осы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар және өзге де облыстардан келген 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып отыр.

Сатып алушылар көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, шырындарды, тосаптарды және басқа да көптеген тауарды тиімді бағада сатып ала алды.

Мұндай жәрмеңкелердің өткізілуі бағаның өсуін тежеуге және жергілікті өндірушілерді қолдауға көмектеседі.

Орта есеппен, жәрмеңкеге бір күнде 7-10 мың адам келеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1214391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді