«Пробация үйі» жобасын іске асыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысының прокуратурасы Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті мен жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырды.

Бұл жұмыстың негізгі құралдарының бірі облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Адалдық аланы» әкімдіктерінің алаңында жүзеге асырылатын «Пробация үйі» жобасы болды.

«Пробация үйлерінің»  қызметі «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастырылған. Бұл сотталғандарға ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде әлеуметтік-құқықтық мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында -198 адамға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді. Өткізілген жәрмеңкелердің нәтижелері бойынша  36 адам жұмысқа орналастырылып, 2 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

«Пробация үйлерінің» жұмысы жай сандар емес, адамдар өміріндегі нақты өзгерістер.

Мысалы, Рудный қаласында сотталған Е. жұмыс табуға көмектесуге өтініш білдірді, жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде оған кешенді көмек көрсетілді. Бүгінде жұмыс істеп, заңға бағынатын өмір салтын жүргізеді.

Сотталғандардың құқықтарын сақтау және оларды қоғамға табысты интеграциялау мәселелері қадағалау органының ерекше бақылауында қалады.

Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1214500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді