Бейнеу ауданында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айларында облыс аумағында балалардың терезеден құлап, түрлі дене жарақаттарын алуына байланысты 5 дерек тіркелді. Аталған оқиғалар балалар қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударуды қажет ететінін көрсетеді.

Осыған орай, мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Бейнеу ауданы Полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, білім беру ұйымдарында және тұрғын үйлерде кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара барысында:

  • ата-аналар мен оқушыларға қауіпсіздік талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде;
  • арнайы жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылуда;
  • көпқабатты үйлердегі терезелердің қауіптілігі, қорғаныш құралдарын қолдану қажеттілігі жан-жақты түсіндірілуде;
  • тұрмыстық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелері мен балаларды қараусыз қалдырмау мәселелері ерекше назарға алынуда.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындармен жеке кездесулер өткізіп, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша нақты ұсынымдар беруде. Ерекше назар мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына аударылуда.

Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауларыңызды сұраймыз. Терезелерге арнайы қорғаныш құралдарын орнатып, жиһаздарды терезе маңына жақын қоймауға және кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Балалардың өмірі мен денсаулығы – әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі және қоғамның ортақ құндылығы.

https://www.instagram.com/reel/DX7TZbYOvN5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1214589?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді