Семинар-кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5 мамырда «2026 жылғы жазғы сауықтыру науқанын ұйымдастыру туралы» тақырыбында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, полиция департаменті, Қостанай облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы және Қостанай облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп облыстық семинар-кеңес офлайн форматта өткізілді. Іс-шараға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, сондай-ақ балаларға арналған қала сыртындағы лагерьлердің директорлары қатысты.

Семинар-кеңес барысында балалардың қауіпсіз демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру, жазғы маусымға балалар сауықтыру нысандарын дайындау мәселелері қарастырылды.

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Р.Ж.Тәженова өз сөзінде сауықтыру нысандарына қойылатын негізгі санитариялық талаптарға, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға дайындау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, су құбыры жүйелері мен құрылыстарын тазалау және дезинфекциялау, ауыз суды зерттеу, аумақты тазалау және абаттандыру, профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу, балалардың тұру, тамақтану, ауыз су режимі талаптарын сақтау, медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлердің жұмысын ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту, сондай-ақ қала сыртындағы лагерь қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны уақытылы алу қажеттігі туралы ұсынымдар берілді.

 

   

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1214686?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді