
Рухани мазмұнға толы жиында ұлт өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасы мен тұлғалық болмысы жаңа қырынан таныстырылды.
Көрме кеңістігіне Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың мемориалдық музей қорынан жеткізілген сирек жәдігерлер қойылып, композитордың ғұмыр жолынан сыр шертетін ерекше атмосфера қалыптасты. Жеке бұйымдары, ескі фотосуреттері мен қолтаңбасы қалған құжаттар – оның шығармашылық әлемінің үнсіз куәсіндей әсер қалдырды.
Кездесу барысында қайраткердің өмірі мен еңбегі терең пайымдалып, қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуындағы тарихи орны айрықша атап өтілді. Ұлт руханиятына қызмет еткен мұраны жаңғырту – бүгінгі буынның маңызды міндеті екені де назардан тыс қалмады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/press/news/details/1214746?lang=kk

Жауап қалдыру