
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Кәсіподақтар федерациясы 2026 жылғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының басталғанын хабарлайды.
Конкурс жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Қатысу — тегін. Қорытындысы жыл соңында шығарылады.
Номинациялар:
* «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
* «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»
* «Үздік ұжымдық шарт»
* «Экологияға қосқан үлесі үшін»
Сондай-ақ «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы беріледі.
Құжаттар 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат: Ақсу ауданы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Мекенжай: Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, 5В
Телефон: 87751618741

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-barlybek-syrttanov/press/news/details/1214744?lang=kk

Жауап қалдыру