Құқық қорғау орталығының басшысы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері алдында сөз сөйледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған «Жаңа Конституция – Жаңа буын» атты оқыту тренингі өтті.

Іс-шараға облыс прокуратурасының, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылығы қатысты. Спикерлер конституциялық нормаларды тәжірибеде қолдану, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.

Баяндамамен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Динара Таженова сөз сөйледі. Ол адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты Конституцияға енгізілген өзгерістерге кеңінен тоқталып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерінің күшейтілгенін, сондай-ақ елдегі құқық қорғау тетіктерінің дамуы мен тиімділігінің артқанын атап өтті.

Тренинг барысында заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттік институттардың рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1214824?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді