2026 жылғы 4 мамырда Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Тастенбековтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кеңес өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4 мамырда Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Тастенбековтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңесте Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылу барысы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуды күшейтуге бағытталған жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу мәселелері қаралды.

Аталған жаңа тұжырымдама мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою және алдын алу бойынша жаңа қадамдар мен стратегиялық бағыттарды қамтитын болады.

Қатысушылар осы бағыттағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, қабылданған іс-шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігі белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет. Әрбір мемлекеттік қызметшінің қосқан үлесі маңызды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1214873?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді