РЕТСІЗ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм» бөлімі мен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бірлесіп, қала аумағындағы базарлар мен оларға іргелес аумақтарда ретсіз және заңсыз сауда-саттықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында базар маңында белгіленбеген орындарда сауда жасап отырған кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, сауда қызметін жүзеге асырудың белгіленген тәртібі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, заңсыз сауда жүргізудің санитарлық талаптарға, қоғамдық тәртіп пен қала келбетіне кері әсер ететіні айтылып, кәсіпкерлерге арнайы белгіленген сауда орындарын пайдалану қажеттігі ескертілді.
Түсіндіру жұмыстары аясында жауапты мамандар кәсіпкерлерге сауда қызметін заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, рұқсат құжаттарын рәсімдеу және ресми сауда нүктелерінде жұмыс жүргізудің артықшылықтары жөнінде кеңес берді.
Түркістан қаласы аумағында ретсіз және заңсыз сауда фактілерінің алдын алу бағытындағы мұндай түсіндіру және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1214921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді