Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қазақстан Республикасында аккредиттелген мемлекеттердің дипломатиялық корпусының өкілдерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу Астана қаласында, ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтті. Талғат Ластаев шетелдік мемлекеттердің елшілеріне Қазақстандағы азаматтық авиацияның қазіргі дамуы, саланың жетістіктері, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго конвенциясы) хаттамалардың ратификациялануы және Қазақстанның ИКАО Кеңесінің құрамына  кандидатурасын алдағы ұсынуы туралы ақпарат берді.

Кездесуге сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Бас атқарушы директоры Майкл Даниэл, ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов қатысты.

Іс-шара барысында Талғат Ластаев Қазақстанның әлемдік авиациядағы рөлінің артып келе жатқанына тоқталып, ИКАО Кеңесі мүшелерінің санын 36-дан 40 мемлекетке дейін, сондай-ақ Аэронавигациялық комиссия құрамын 19-дан 21 мүшеге дейін кеңейтуге мүмкіндік беретін түзетулердің мазмұны туралы айтты.

«Біз географиялық өкілдіктің әділдік принциптерін нығайтуды дәйекті түрде қолдаймыз және Орталық Азия елдерінің жаһандық авиациялық деңгейде шешім қабылдау процесінде белсендірек ұсынылуы маңызды деп санаймыз. Бүгінде Қазақстан өңірде жаңа авиациялық серпін қалыптастыруда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бастамаларымен тікелей байланысты», – деп атап өтті вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қазақстан алғашқылардың бірі болып маңызды құжаттарды ратификациялады – Мемлекет басшысы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 (а) және 56-баптарына өзгерістер енгізуді көздейтін Хаттамаларды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қазіргі уақытта Хаттамаларды ИКАО-ға мүше 128 мемлекеттің 124-і ратификациялады.

Қазіргі уақытта Қазақстан айтарлықтай халықаралық тәжірибе жинақтап, ИКАО стандарттарын жүйелі түрде енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Әуежайлардың авиациялық қауіпсіздігі бойынша ИКАО талаптарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ды, авиакомпаниялардың ұшу қауіпсіздігі бойынша – 82%-ды құрайды, бұл әлемдік орташа көрсеткіштерден жоғары.

Елдің авиация саласы тұрақты оң динамика көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 15,4 млн жолаушыға қызмет көрсетіліп, 31,8 млн жолаушы тасымалданды, сондай-ақ 420 мың тонна жүк өңделді.

Кездесу барысында спикерлер дипломатиялық корпус өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Қазақстанның жаһандық авиациялық жүйедегі рөліне және оның ИКАО-ның институционалдық процестеріне қатысуына ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1214975?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді