
2026 жылдың 5 мамырында ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ШҚО білім баскармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің “Күршім ауылының балабақшасы”-да “Балабақшада ерте кәсіби бағдар берудің маңызы” тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне балаларға ерте жастан кәсіби бағдар берудің теориялық және практикалық негіздерін түсіндіру, заманауи әдіс- тәсілдермен таныстыру және тәжірибе алмасу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Семинарға ауданнын білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі А.Солтанқызы , білім бөлімінің әдіскерлері І.Айтымбетова , Г.Ахметова, Г.Кабдуалиева , Б.Таменова, Г.Рамазанова және ауданның шағын орталық тәрбиешілері мен мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері қатысты. Барлығы 48 педагог қатысты.
Семинардың салтанатты ашылуын білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Айзада Солтанқызы ашып, бүгінгі семинарға сәттілік тіледі. Балабақша бүлдіршіндерінің шағын концертімен жалғасты.
Тәжірибелік алаңдар ұйымдастырылды:
“Қарлығаш” ортаңғы тобы- “Қарлығаш” шеберханасы сюжетті- рөлдік ойын.
“Балдырған” ортаңғы тобы- “HAPPY clinic” сюжетті- рөлдік ойыны,
Суретшілер: “Су асты әлемі” релаксация- “Балапан” ересек тобы
“Кішкентай археологтар” зерттеу жұмысы- “Айгөлек” ересек тобы
Шебер-сыныптар ұйымдастырылып өткізілді:
“Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржылық сауаттылықты қалыптастыру”, “Дидактикалық ойындар балаларды мамандықтармен таныстырудың тиімді құралы”
Семинар соңында балабақшаның бейнелеу өнері педагогі семинарға қатысушылармен “Шаршаудан шабытқа” атты арт- терапия өткізді. Семинар қорытындыланып, балабақша тәрбиешілері мен педагогтері аудандық білім бөлімінің сертификаттарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DX9EwzWDrWr/?utm_source=ig_web_copy_link
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1214974?lang=kk

Жауап қалдыру