Қаныш Сәтбаев атындағы каналда жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаныш Сәтбаев атындағы каналды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Бірнеше өңір арқылы өтетін стратегиялық су арнасын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасы кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Бұл жұмыстар суды негізгі тұтынушылардың бірі саналатын Қарағанды облысы үшін айрықша маңызды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні жоспарланған 17 трансформатордың сегізі орнатылған. Қалған жабдықтар жыл соңына дейін жеткізіліп, монтаждалады.

Жоба аясында сорғы жабдықтарын жаңарту да қарастырылған. Жалпы саны 19 агрегатты ауыстыру жоспарланса, қазіргі уақытта оның бесеуі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңғырту жұмыстары сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға бағытталған. Бұл, әсіресе, Қарағанды облысындағы елді мекендер мен өнеркәсіп кәсіпорындарын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін маңызды. Су ресурстарына сұраныстың артуы жағдайында мұндай жобалардың маңызы күшейе түсуде.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы нысандарын дамыту департаментінің директоры Сағи Өтеловтің айтуынша, реконструкция каналдың ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, су беру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1214977?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді