
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 46,3 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы наурызда негізінен KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+21,7%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (+19,8%) акциялар бағасының өсуі есебінен 3,6%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 18,8%-ға өсу).
2026 жылғы наурызда акциялармен сауда-саттық көлемі 28,7 млрд теңгені құрады, бір айда негізінен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Матен Петролеум» АҚ және «Кселл» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 17,8%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 30,1%-ға өсу).
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі –KASE) сауда тізімдерінде 76 қазақстандық эмитенттің 89 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.
2026 жылғы наурызда KASE индексі 0,3%-ға 7 734,6 тармаққа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 10,0%-ға өсу).
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «KASE Global» секторында 47 атаудағы, 3 ADR және 63 шетелдік эмитенттің 22 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2026 жылғы наурызда 19,2 млрд теңгені құрап, бір айда негізінен NVIDIA Corp., ProShares Trust, Microsoft Corporation, VANECK ETF TRUST сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 17,9%-ға азайды.
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы наурызда іс жүзінде өзгермей, 16,7 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 2,9%-ға өсу). KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 2026 жылғы наурызда 3,2%-ға 345,0 млрд теңгеге дейін 2026 жылғы ақпанмен салыстырғанда негізінен қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен төмендеді. Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 2026 жылғы наурызда 299,1 млрд теңгені құрады, бұл негізінен квазимемлекеттік сектор компаниялары орналастыруының алдыңғы айға қарағанда 3,8%-ға және қаржы секторын компаниялары орналастыруының 4 есеге жуық өсуі есебінен 2026 жылғы ақпандағы көрсеткіштен 8,0%-ға артық. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 161 эмитенттің 730 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.
KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2026 жылғы наурызда 6,7%-ға ұлғайып, 35,1 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 10,2%-ға өсу). 2026 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 17,9%-ға ұлғайып, 0,9 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 8,0%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде өтеуге кірістілігі 15,10-18,76% болатын 9 облигациялар шығарылымын орналастырып, ҚР Қаржы министрлігі 568,1 млрд теңге тартты, алты облыстың әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 33,3 млрд теңге тартты.
Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 58 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 25 аралық, 30 жабық, 1 ашық және 2 биржалық пай қоры жұмыс істеді.
Инвестициялық пай нарығындағы басқарудағы активтер негізінен жеке инвестициялық қордың пайларын сатып алу және инвестициялық пай қорларының активтерін теріс бағалаудың есебінен 2026 жылғы наурызда 6,1%-ға азайып (2026 жылдың басынан бері 7,3%-ға азаю), 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 324,1 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 259,6 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 80,1%-ын құрады.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер мен дилер, 11 кастодиан-банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 5 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.
2026 жылғы наурызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 1,6%-ға 5 348,3 мың шотқа дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,7%-ға ұлғаю), оның ішінде:
– депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 699,3 мың қосалқы шотқа дейін 0,2%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері 0,1%-ға ұлғаю);
– брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 4 648,9 мың шотқа дейін 1,9%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,6%-ға ұлғаю).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың өсуі және өзге де активтер есебінен 0,9%-ға 611,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 1,8%-ға өсті).
Міндеттемелер негізінен жекелеген қатысушылардың туынды қаржы құралдары мен «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің өсуі есебінен 7,6%-ға 142,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 2,0%-ға азаю). Меншікті капитал негізінен есепті кезеңдегі бөлінбеген пайданың азаюы нәтижесінде 1,0%-ға 468,4 млрд теңгеге дейін азайды (жылдың басынан бастап 3,1%-ға өсу).
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1215113?lang=kk

Жауап қалдыру