Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы комиссия төрағасы Е. Галивтің төрағалығымен, прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі және комиссия мүшелерінің қатысуымен өтті.
Отырыста балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, лагерлер жұмысы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сондай-ақ түнгі уақытта жасөспірімдердің жүруінің алдын алу және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша тапсырмалар берілді.
Жол-көлік қауіпсіздігі, мопедті пайдалану, су айдындары мен терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
– балалар түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өқілінсіз жүрмеу қажет;
– кәмелетке толмаған балаларға мопед/көлік құралдарын қолдануға тыйым салу;
– балалардың қайда жүргенін қадағалау;
– терезе қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
– су және жол қауіпсіздігін түсіндіру;
– жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру.
Балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1215111?lang=kk

Жауап қалдыру