
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.
2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 0,6%-ға 4,0 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 3,1%-ға өсу) ұлғайды, ол негізінен сақтандыру бойынша дебиторлық берешектің ұлғаюы нәтижесінде болды.
2026 жылғы 1 сәуірде активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,5% (2,9 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,8% (315 млрд теңге), сақтандыру бойынша дебиторлық берешекке – 4,5% (180 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы наурызда негізінен жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 1,2%-ға 2,9 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 3,6%-ға өсу) ұлғайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы наурызда негізінен жекелеген сақтандыру ұйымдарының дивидендтер төлеуді жүзеге асыруына байланысты 1,0%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 1,8%-ға өсу) азайды. 2026 жылғы наурызда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 3,9 млрд теңгені, жыл басынан бастап – 31,9 млрд теңгені құрады.
2026 жылғы наурызда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1,8 млн шартты құрады, бұл жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының азаюына байланысты өткен жылғы наурызбен салыстырғанда 4,0%-ға аз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы наурызда 128,2 млрд теңгені құрады, бұл сақтандырудың ерікті түрлері бойынша жиналған сыйлықақылардың ұлғаюына байланысты 2025 жылғы ақпан айына қарағанда 45,3%-ға көп (2026 жылдың басынан бастап 4,8%-ға төмендеу).
Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы наурызда 23,7 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, 2026 жылдың басынан бастап – 72,3 млрд теңге, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17,4%-ға артық. Өсу негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 25,7%-ға ұлғаюына байланысты болды.
2026 жылғы наурызда ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 58,6 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 178,2 млрд теңге, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға аз. Төмендеу жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар көлемінің 91,0%-ға, 2025 жылғы 30 маусымдағы қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңмен банктік қарыздарға байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттері үшін комиссиялық сыйақыны сақтандыру сыйлықақысының 10%-нан аспайтын деңгейде шектеудің енгізілуіне байланысты өмірді сақтандыру бойынша 28,8%-ға төмендеуіне байланысты болды.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы наурызда 45,9 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 121,8 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға аз. Төмендеу мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 19,4%-ға төмендеуіне байланысты.
Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы наурызда 37,7 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 118,9 млрд теңге, бұл ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің өсуі есебінен 2025 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 31,6%-ға артық.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1215136?lang=kk

Жауап қалдыру