
Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ел қорғаны болған ардагерлерді 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр-Жеңіс күні мерекелерімен ардагерлер үйіне барып арнайы құттықтады.
Іс-шара барысында жас ұрпақ өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер шырқап, жүрек тебірентерлік өлеңдер оқыды. Оқушылардың әсерлі өнері мен шынайы ықыласы ардагерлердің көңілін толқытып, ерекше әсер сыйлады.
Кездесу барысында ардагерлер де өз кезегінде жылы лебіздерін білдіріп, жас буынға ақ баталарын берді. Олар бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиеттердің маңыздылығын атап өтті.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1215142?lang=kk

Жауап қалдыру