
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері «2026 жылғы жазғы сауықтыру науқанын ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар-кеңеске қатысты.
2026 жылғы 5 мамырда өткен іс-шараға Білім басқармасының өкілдері, бейінді мемлекеттік органдар, сондай-ақ қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің басшылары қатысты. Кездесу барысында жазғы маусымға дайындық мәселелері, соның ішінде балаларға арналған маусымдық лагерьлерді лицензиялау, санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларды қосымша білім беру бағдарламаларымен қамтуды кеңейту және жазғы кезеңде мазмұнды демалысты ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жазғы демалыстың сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ балаларды сауықтыру және білім беру бағдарламаларымен қамтуды кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1215141?lang=kk

Жауап қалдыру