
Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Амренова Алтынай Байқадамқызының төрағалығымен Целиноград ауданында Отбасылық цифрлық картаны іске асыру, сондай-ақ 2026 жылға арналған «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы мәселелері бойынша аудан және қала әкімдері орынбасарларының қатысуымен кеңес өтті.
Кеңеске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат басқармаларының, мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің, сондай-ақ «Аманат» партиясының өкілдері қатысты. Онлайн режимде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары қосылды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1215773?lang=kk

Жауап қалдыру