Ақмола облысының ТЖД-де Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ренат Валишанов құтқарушы қызметі — жай ғана мамандық емес, бұл азаматтардың өмірі мен тыныштығын қорғауға әрдайым дайын болуды талап ететін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлерге кезекті әскери атақтар беріліп, кейбірі үшін бұл қызмет жолындағы алғашқы маңызды қадам болды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер төсбелгілермен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты бөлім мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1215744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді