
ШҚО полицейлері мен сот орындаушылары әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша өзара іс-қимылды күшейтуде
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен Әділет департаментінің басшылығы және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Тараптардың басты назарында сот актілері мен әкімшілік қаулыларды мәжбүрлеп орындаудың тиімділігін арттыру мәселелері болды.
Диалог барысында қатысушылар берешекті өндіру кезеңдерінде туындайтын негізгі қиындықтарды талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған практикалық шешімдерді іздеуге жіті назар аударды.
Ақпараттық жүйелер арасында борышкерлер туралы мәліметтерді алмасуды жеделдетуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды дамытуға ерекше мән берілді. Сонымен қатар, сот орындаушыларының қызметін жедел сүйемелдеу тетіктері, соның ішінде рейдтік іс-шараларды өткізу және мүлікті тәркілеу кезінде ШҚО ПД қызметкерлері тарапынан жәрдем көрсету тәртібі қаралды.
Сондай-ақ, жауапкершіліктің бұлжымастығын арттыру мақсатында әкімшілік айыппұлдарды заңда белгіленген мерзімде төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты қосымша ықпал ету шаралары талқыланды.
Кездесу барысында атап өтілгендей, ШҚО құқық қорғау және құқық қолдану құрылымдарының үйлесімді жұмысы жазаның бұлжымастығы қағидатын қамтамасыз етудің және азаматтардың құқықтарын сенімді қорғаудың маңызды шарты болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар бірлесқан іс-қимыл жоспарын бекітті. Алдағы өзара іс-қимыл Шығыс Қазақстан облысында құқықтық тәртіпті нығайтуға, шешімдердің орындалу тиімділігін арттыруға және қоғамда орнықты құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталатын болады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1215738?lang=kk

Жауап қалдыру