Абай облысының Білім басқармасы білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп, 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз, қызықты әрі танымдық демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының Білім басқармасы білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп, 2026 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз, қызықты әрі танымдық демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарының жетекшілері қатысты.

Биыл оқушыларды сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамту бағдарламаларымен маусымдық балалар орталықтары, мектеп жанындағы демалыс орталықтары және қосымша білім беру ұйымдары базасында қамту жоспарлануда.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енген сауықтыру орталықтарын лицензиялаудың жаңа тәртібімен таныстырды.

Қауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар туралы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және төтенше жағдайлар департаменттері ақпарат берді.

Қазіргі уақытта орталықтарды санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыру мемлекеттік және жекеменшік орталықтарынада қатысты. Жазғы демалысты ұйымдастыруда барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы негізгі басым бағыттардың бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1215733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді