
Құрметті жерлестер!
«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2026 жылғы 22 маусымда 15:00-де шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жалпы алаңы – 1 230,0575 га жерге конкурс өткізілетінін хабарлайды. Оның ішінде ішінде жайылым – 632,2 га, жайылым т.ж. – 120,7 га, егістік – 474,1511 га, өзге алқаптар – 3,0064 га.
Жер учаскелерінің тізбесі жергілікті баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның сайтында жарияланған.
Назар аударыңыз! Конкурсқа қатысуға өтінімде әрбір лот бойынша (бірнеше лотқа өтінім берілген жағдайда) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы мәліметтерді нақты ажырату қажет, олай болмаған жағдайда Сіздің өтініміңіз осы өлшем бойынша қаралмайды.
📞Анықтама үшін телефон: 8 7182 22 20 21

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uzo/press/news/details/1215669?lang=kk

Жауап қалдыру