«Қазақстан – өткенін құрметтейтін және болашағына зор үміт артатын бейбіт мемлекет.»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

– Біз барлық жанжалдарды дипломатиялық құралдармен, келіссөздер арқылы шешу керек екеніне сенімдіміз, алайда қажет болған жағдайда өз мүдделерін тек дипломатия арқылы ғана емес, қатаң ұстанымдардан да қорғауға дайынбыз. Халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын қатаң сақтау керек деп санаймыз. Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынасты нығайтуды жалғастырады. Бұл мызғымас қағидалар біздің жаңа Конституциямызда нақты бекітілген. Алайда, бұл отыруға болады дегенді білдірмейді. Біздің еліміз түрлі сын-тегеуріндердің алдын алуға және кез келген қауіп-қатерді тойтаруға дайын болуы тиіс. Сондықтан біз қорғаныс әлеуетін арттырып, бірінші кезекте Қарулы Күштерді технологиялық жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Бұл қазіргі тұрақсыз, турбулентті уақыттың талабы. Осыны ескере отырып, ең алдымен біздің Қарулы күштерімізде және әскерилендірілген құрылымдарда терең реформалар жүргізу қажет. Бұл стратегиялық маңызды міндет, оны қысқа мерзімде – екі жыл ішінде шешу керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1215660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді