
Қызылащы ауылдық округінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны – ер азамат» атты патриоттық кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ел қорғаған ерлердің ерлігін үлгі ету.
Кездесу барысында қадірлі қонақтар өз өмір жолдары мен еңбек, қызмет тәжірибелері туралы тағылымды әңгімелер айтып, елге адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың қасиетті парызы екені кеңінен насихатталды.
Шара барысында қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, жастар үлкендердің өнегелі сөздерінен тәлім алды. Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалып, тақырыптық кітап көрмесі таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1215611?lang=kk

Жауап қалдыру