Аудан аумағында «Заң және тәртіп» қағидаттары аясында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрайымы – аудан әкімінің орынбасары А. Ахметова, комиссия хатшысы Т. Бұрылбай, Отбасын қолдау орталығының мамандары мен ювеналдық полиция инспекторы бірлесіп, есепте тұрған отбасылардың тұрмыс-тіршілігін зерделеді.

Рейд барысында отбасылардың әлеуметтік жағдайы, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі, ата-аналардың жауапкершілігі басты назарға алынды. Әрбір отбасының жағдайы жеке қарастырылып, құқықтық және әлеуметтік бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдау алу жолдары түсіндіріліп, нақты ұсынымдар берілді.

Негізгі мақсат – балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайту.

Осындай кешенді шаралар әлеуметтік мәселелердің алдын алуға және әрбір баланың жарқын болашағын қалыптастыруға бағытталған.

Бұл жұмыс – қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі.

Рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, бақылау күшейтілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1215547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді