
Құрметті аудан тұрғындары!
Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзеткен азаматтарға көрсетілетін зор құрметтің белгісі. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы, абыройлы міндеті.
Еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығын сақтауға үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1215538?lang=kk

Жауап қалдыру