Президент: Ғазиз Байтасов атындағы медаль – батырлықты ұлықтау үлгісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар күніне орай өткен мемлекеттік марапаттар мен әскери шендер тапсыру рәсімінде сөз сөйледі.

     Президент еліміздің аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және “Заң мен тәртіп” идеологиясын орнықтыру – жауапты әрі маңызды міндет екенін атап өтті.

— Біз құқықтық тәртіпті елемеуге жол бермейтін, аңыздағы немесе қолдан жасалған “батырларды” емес, шынайы қаһармандарды құрметтейтін қоғам құруымыз қажет. Туған елі мен халқының игілігі жолында адал қызмет еткен азаматтар жастарға үлгі болуы тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

     Мемлекет басшысы батырлардың есімін ұлықтау, олардың ерлігін есте сақтау және өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің маңызын атап өтті.

     Солардың бірі ретінде 15 жыл бұрын терроршыны ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы медаль ерекше аталды.

     Айта кетейік, Ғазиз Байтасов – қызметтік борышын атқару барысында ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны.

     Ғазиз Байтасовтың ерлігі – ел жадында мәңгі сақталатын батырлықтың айқын үлгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1215513?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді