Арман — формада, мінез — істе

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызметте мақсатшыл, ісінде принципшіл — 7 мамыр қарсаңында Максим Макеевтің кәсіби жолы мен өмірлік ұстанымдары туралы баяндаймыз.

Мереке қарсаңында Максим жас қызметкерлерге үлгі болып, еңбек, тәртіп және өзін-өзі дамыту нағыз кәсіби маманды қалай қалыптастыратынын көрсетіп келеді.

2022 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Мәскеу академиясын тәмамдап, Қарабалық кентіндегі №11 өрт сөндіру бөлімінде қарауыл бастығы қызметінен еңбек жолын бастады. 2024 жылдан бастап аға анықтаушы лауазымында қызметін жалғастыруда.

Жетістіктерінің қатарында — «Үздік анықтаушы» байқауында 3-орын, Қазақстан халқы тілдері күніне арналған байқауда өзге этнос өкілдері арасында қазақ тілінен 1-орын, облыстық спорттық және зияткерлік турнирлерге сәтті қатысуы, сондай-ақ ұлтаралық келісімді дамытуға қосқан үлесі үшін Қоғамдық келісім ұйымынан алғыс хат.

Қызмет жылдары ішінде Максим өзін жауапты әрі принципшіл маман ретінде көрсете білді. Ол ұйымдастырушылық қабілетімен, шешімді тез қабылдай алуымен және бастаған ісін нәтижеге жеткізе білуімен ерекшеленеді. Әріптестері арасында кез келген жағдайда сенім артуға болатын адам ретінде танылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1215503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді