
Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы-құтқарушысы Орынбасар Құлманбетович Туртбаев — азаматтық қорғау саласында 30 жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман, кәсіби құтқарушы. Ол өз өмірін толықтай төтенше жағдайлардың алдын алу мен адам өмірін құтқару ісіне арнаған.
Қызмет жолында ол су-құтқару және жедел-құтқару бағыттарында мол тәжірибе жинақтап, күрделі операцияларда сабырлылық пен жауапкершілік таныта білетін, шешім қабылдауда нақты әрі салмақты көзқарасымен ерекшеленетін маман ретінде қалыптасты. Оның кәсіби дайындығы кез келген жағдайда тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бүгінде О.Қ. Туртбаевтың жетекшілігімен жедел-құтқару жасағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етіп, адам өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар атқаруда. Ол қызмет барысында жаңа тәсілдерді енгізіп, құтқару ісінің тиімділігін арттыруға үнемі көңіл бөледі.
Көпжылдық тәжірибе, кәсібилік және қызметке адалдық — Орынбасар Құлманбетович Туртбаевтың құтқару саласындағы басты ұстанымы, ал оның еңбегі өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды үлес болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1215455?lang=kk

Жауап қалдыру