Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

2026 жылғы 5 мамыр күні Қараөткел ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауына арналған Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.  

Комиссия отырысында Қараөткел сайлау округін құру туралы және  Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауын 2026 жылғы 14 маусымға тағайындау туралы комиссия қаулылары қабылданды. Сондай-ақ сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. 

Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 7 мамырдан бастап 2026 жылғы 19 мамыр сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 24 мамыр сағат 18:00-де аяқталады.

2026 жылғы 24 мамыр сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2026 жылғы 13  маусым сағат 00.00-де аяқталады.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын ауылдық округ аумағында төрт учаскелік сайлау комиссиясы жүзеге асыратын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1215384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді