
Құрметті отандастар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен қалалық мәслихат депутаттарының атынан шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барлық азаматтарға деген ерекше құрметтің белгісі. Отан қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, ал елге адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен ерліктің көрінісі.
Бүгінгі күні қаламыздағы қарулы күштеріміздің сарбаздары мен офицерлері, ардагерлері мен жас буын өкілдері еліміздің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірін қорғауда аянбай еңбек етіп келеді. Сіздердің батылдықтарыңыз бен табандылықтарыңыз – баршаға үлгі.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін! Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, көк байрағы биік болсын!
Ізгі құрметпен,
Мәслихат төрағасы А.Исатаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1215363?lang=kk

Жауап қалдыру