
2026 жылғы 5 мамырында облыс әкімінің орынбасары Ғ. А. Майлыбаевтың төрағалығымен облыстық білім басқармасының көшпелі алқасының отырысы өтті.
Облыстық алқа отырысында аудандық және қалалық білім бөлімдері басшыларының, мектеп директорларының, барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен білім беру саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Оқушылардың сапалы және қауіпсіз жазғы демалысын және сауықтырылуын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты оқу және демалыс кезеңінде балалардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі егжей-тегжейлі қаралды.
Алқа қорытындысы бойынша білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөнінде маңызды шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty-obl/press/news/details/1215353?lang=kk

Жауап қалдыру