Конституциялық Сотта Корея Республикасының судьяларымен конституциялық жаңашылдықтар мен сот практикасы мәселелері бойынша диалог өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Корея Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ли Хынг-гу бастаған делегациямен кездесу өткізді.

Тараптар 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған, құқық үстемдігін нығайтуға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейтуге, сондай-ақ сот билігінің рөлін арттыруға бағытталған конституциялық өзгерістерді талқылады.

Соттардың Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін міндетті түрде қолдануы мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге ықпал етеді.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова адамның, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде танылуына бағытталған конституциялық реформаның маңызын атап өтті. Сонымен қатар ол сот жүйесінің цифрлық трансформациясына және онымен байланысты конституциялық жаңашылдықтарға тоқталды.

Конституциялық Соттың судьясы Асан Ескендіров конституциялық бақылау практикасын және азаматтардың конституциялық сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету тетіктерін таныстырды.

Делегация басшысы, судья Ли Хынг-гу, екі елдің сот жүйелері арасындағы кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1215308?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді