1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Бірлік күніне орай Қоңырөлең ауылдық округіне қарасты Бөрібай би ауылының клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Айнымас достық бірлікте» атты мерекелік концерт өтті.

Концертке ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған кештің куәсі болды. Бірлік пен достықты дәріптеген іс-шарада әсем әндер шырқалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, татулық пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-konyrolen/press/news/details/1215281?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді