
2026 жылғы 6 мамыр күні Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Аутизм және басқа да менталды бұзылулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара аясында орталық қызметкерлері, ата-аналар және балалар бірлесе отырып, орталық ауласына 50-ден астам раушан, петуния және барқытгүл көшеттерін отырғызды. Әрбір отырғызылған гүл – табиғатқа деген сүйіспеншіліктің, қоршаған ортаға жанашырлықтың және еңбекке баулудың жарқын көрінісі болды. Іс-шараның басты мақсаты – балаларды табиғатты аялауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосу. Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. Біздің орталық та бұл игі бастаманы қолдап, қаланың көгалдандырылуы мен абаттандырылуына өз үлесін қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1215266?lang=kk

Жауап қалдыру