«Ардагерлерге құрмет» атты волонтерлік акция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның басты мақсаты – елге еңбегі сіңген ардагерлерге құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі ету және әлеуметтік қолдау білдіру.

Акция аясында еріктілер ардагерлердің үйлеріне барып, тұрмыстық жұмыстарға көмектесті, аула тазалау, үй шаруасына қолғабыс ету сияқты игі істер атқарды. Сонымен қатар, оларға сый-сияпаттар табысталып, жылы лебіздер айтылды.

Мұндай шаралар қоғамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін нығайтып, жастардың бойында патриоттық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1215254?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді